Жаңа жылды қарсы алу үшін өткен жылды ой елегінен өткізіп, еске алатынымыз рас. Қаратал орта мектебінің де 2024 жылында болған ерекше оқиғалары баршылық. Осы жылы Президентіміздің тапсырмасын орындау бойынша мектебіміздің 1-4 сынып оқушыларының барлығы және әр түрлі әлеуметтік топтағы отбасының оқушылары ыстық тегін тамақпен қамтамасыз етілу әрі қарай жалғасын тапты. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы жылдың сәуір айында өткен мұғалімдердің "Ұстаз-2024" спартакиада сының аймақтық кезеңінде педагогтері сіз 1-орынға ие болып, ал қараша айында аудандық кезеңде 2 орынмен марапатталды. Мұғалімдердің жетістіктерінің жалғасы ретінде қала мен ауыл мектептері оқушыларының білімдерін теңестіру мақсатында өткізілген "Ауыл" олимпиадасында 9-сынып оқушысы Елубай Нұрай республикалық кезеңнің жүлдегері атанды(жетекшісі Мухамбетова З Т.). Мектеп оқушылары аудандық деңгейде тұрақты түрде өткізілген барлық спорттық іс шараларға белсенді қатысты
(Футзал, үстел теннисі, волейбол- мектептің құрама командасы-2,3 орындар)
Армрестлингтен 11сынып оқушысы Оралов Аян облыстық кезеңнің жүлдегері атанды.
Қаратал орта мектебінің педагогтері де жыл бойы өткен аудандық, облыстық семинарлар, онлайн вебинарлар, конференцияларға қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында алты құндылық бойынша тәрбиелік іс шаралар мазмұнды түрде өткізілді. Биылғы жылы ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы өз жұмысын жалғастырды.
Әлеуметтік серіктестік орнату мақсатында жергілікті кәсіпкерлер ("Arai-Airtau", басшысы Маташев Ерлан Жанболатұлы)мектепке қолдау көрсетіп, өткізілетін іс-шараларға өз көмектерін беріп отырды.
Жылды қорытындылау мақсатында мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы бірлесе отырып, "Ең үздік нәтижелі ұстаз", " Ең белсенді жыл оқушысы" , "Ең белсенді үздік сынып" , "Ең үздік сынып бөлмесі" атты номинациялар бойынша нәтиже шығарып, "үздік" деп танылғандар кәсіподақ ұйымының атынан марапатталып, жаңа жылдық сыйлықтарын алды.
Өтіп бара жатқан жылға алғысымыз зор, келер жылдан күтер үмітіміз де көп!
#2024