Қаратал орта мектебінде балаларды мектепке сапалы даярлауға бағытталған «Балақайлар мектебі» жобасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында жүзеге асырылып, болашақ бірінші сынып оқушыларының жаңа білім беру ортасына сәтті бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған.
Жобаның басты мақсаты – балалардың бастауыш мектепте оқуға зияткерлік, мотивациялық және эмоционалдық-еріктік дайындығын қалыптастырып, бірінші сыныпқа бейімделу кезеңін жеңілдету.





