24 сәуір күні 9-11 сынып оқушылары арасында аудандық "Батыр" әскери-патриоттық спорттық көпсайысы өтті. Сайыстың мақсаты: оқушыларды әскери сапта жүруге, пәрмендерді оындауға, әскери тәртіпке үйрету. Спорт түрлерінен шеберліктерін жетілдіріп, төзімділікке, адамгершілікке және патриоттық сезімін оятуға тәрбиелеу. Қаратал орта мектебінің АӘ және ТД мұғалімі Ғалымбек Жанмолдаұлының жетекшілігімен осы сайысқа қатысқан оқушыларымыз: (9-сынып) Елубай Нұрай, Саматова Аруна; (11-сынып) Оралов Аян, Назыбаев Акжол 1-орынға ие болып, жеңімпаз атанып, 9 команда ішінен жеңіс тұғырына көтерілді. Жеңімпаздар арнайы кубокпен, мадақтамалармен марапатталды.
Құттықтаймыз!!