23 сәуірде Айыртау аудандық мәдениет үйінде биылғы жылдың атаулы мерейтойларына арналған "Туған жер-бірлік пен елдіктің бесігі" атты аудандық көркем өнерпаздар байқауы өтті. Бұл байқауда Қаратал орта мектебінің "Асыл әжелер" (жетекшісі Гүлжанат Жаксыбаева) вокалдық тобы Үкілі Ыбырайдың "Гәкку" әнімен ерекше көзге түссе, оқушылардың хоры (жетекшісі Улжан Габдулина) И.Ескендірдің "Аманат" әнін орындап, көрермендердің қошеметіне ие болды. Байқаудың нәтижесі бойынша мектеп ұжымы жүлделі ІІІ орынды иеленіп, диплом, алғыс хатпен марапатталды.
Ал 16 сәуірде өткен облыстық көркемөнерпаздар байқауында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Улжан Габдулина "Әлия" әнін жоғары деңгейде орындап, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.