КГУ "Каратальская СШ"
Ресми интернет-ресурс

#Ustazфильмі-нің көрсетілімі

Previous Next
30 желтоқсан күні мектеп ұжымы аудандық мәдениет үйінде және мектепте "Ұстаз" фильмін көріп, пікірлерін білдірді.
Ұжымда талдау барысында көкейтесті мәселелер қозғалды. Қарапайым қарым-қатынас, адамгершілік пен сыйластыққа құрылған фильм ұлағатты ұстаз мәртебесін көтеруді көздейді.
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-зерттеуші Есей Нұрлан:
- "Ұстаз" фильмін көрдік. Оқушыларды болашаққа үміттендіру, жігерлендіру арқылы білім алуға құлшындыру жолындағы жас маманның талпынысы, ізденісі мен жеңісі мұғалімдік мамандығын таңдаған жастарға көп ой тастайтын, жаңа бастамаларға қол созуға ықпал ететін ғажап туынды болып шығыпты. Автор идеясын жоғары деңгейде жүзеге асыра білген қазақ киногерлеріне шексіз ризашылығымызды білдіреміз,- деп өз ойын айтты.
Ал директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тажина Асем Баделхановна:
- Ұстаз есімінің ең ұлағатты, ең қадірлі мамандық екенін бұл "ҰСТАЗ" фильмі тағы бір мәрте дәлелдеп өткендей. Шәкірт алдындағы аса жауапкершілік пен оларға тәрбие беру жолындағы маңызды қадамдардан тұратын мұғалім қызметін айна-қатесіз сипаттаған фильм деп түсінемін,-деп ойын түйіндеді. Сонымен қатар кіші тех.қызметкер, көп жылғы еңбек өтілі бар Жақсыбаева Гүлжанат Қаппасқызы осы фильмді ата-аналарға көруді ұсынды. Өйткені ата-ана тарапынан балаға жайлы атмосфера жасау, эмоционалдық көңіл күйін бақылау, баланы қолдау аса маңызды екенін атап өтті
Записаться на прием